426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайлық коронавирустан жеті ай бойы емделген

  • 184
  • UPD: 11:17, 28.08.2020
Қытайлық коронавирустан жеті ай бойы емделген

Қытайдың Гуанчжоу қаласында COVID-19-дан 7 ай емделген науқас жазылып шықты.

Ол 7 ай бойы ауруханада жатқан. Бұл туралы ТАСС Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

62 жастағы ер адам қаңтар айының соңында коронавируспен ауруханаға түскен.

Науқастың жағдайы нашарлаған соң дәрігерлер қанды оттегімен қанықтыру үшін оны ЭКМО аппаратына қосқан. Науқас сауыға бастағасын мамыр айының соңында ол құрылғыдан ажыратылды.

Емдеудің мұндай ұзақ кезеңін дәрігерлер семіздік, гипертония, астма сияқты басқа да аурулардың болғандығымен байланыстырды.

Хабар 24 телеарнасы