428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та дүлей желден аудандарды су басты

  • 267
АҚШ-та дүлей желден аудандарды су басты

«Лаура» тропикалық дауылы АҚШ-тың Луизиана мен Техас штатын ойрандап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сағатына 240 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған дүлей желден Луизиананың жағалауға жақын аудандарын су басқан. Табиғи апат кезінде 6 адам опат болды. 4 тұрғынды опырылып сынған тал басып қалған. Дауылдан көптеген үй қирап, бүлінген. Луизиана мен Техас штатында 600-ден астам үй жарықсыз қалды. Жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілді. Қазір апат аймағында құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бетани Агосто, жергілікті тұрғын:

- Дауыл түнгі сағат 3:00 кезінде соқты. Біз сыртқа шығып, қауіпсіз жерге тығылып үлгермедік. Таңға дейін бір-бірімізді құшақтап отырдық. Дауыл кезінде үйдің терезелерін бәрі сынып, қорқынышты болды.

Қазір «Лаура» Арканзас штатының оңтүстігіне ауып, елдің солтүстік-шығысына қарай бет алған. Дүлей желдің екпіні сағатына 24 шақырым жылдамдыққа дейін төмендеген. Алайда синоптиктер дауылмен бірге келген жауынан Арканзас аймағында да елді мекендерді су басуы мүмкін екенін ескертуде.

Хабар 24 телеарнасы