426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапония премьер-министрі С.Абэ қызметінен кетті

  • 175
  • UPD: 15:23, 28.08.2020
Жапония премьер-министрі С.Абэ қызметінен кетті

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ денсаулығына байланысты қызметінен кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Абэ баспасөз конференциясында мәлімдеді. Себебі үкімет басшысының ескі ауруы қайта сыр берген. Ал ақпарға қарағанда Абэ бұған дейін тамыз айында үш рет демалыс алған. Бірақ соңғы апталарда екі рет ауруханаға барып, тексерістен өткен. Жалпы бұл 65 жастағы саясаткердің екінші рет қызметінен ерте кетуі. Ол 2007 жылы да лауазымынан денсаулығына байланысты бас тартқан еді.

Айта кетейік, Синдзо Абэ 2012 жылы либералды-демократиялық партияны бастап сайлауда жеңіске жеткен. Содан бері Абэ Жапонияны 8 жыл басқарып, күн шығыс елінде премьер-министр лауазымында ең көп қызмет еткен тұлғаға айналды.

Хабар 24 телеарнасы