420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда коронавирустың таралуы қайта күшейді

  • 169
  • UPD: 18:51, 28.08.2020
Францияда коронавирустың таралуы қайта күшейді

Соңғы бір тәулікте вирус 6 мыңнан астам адамнан анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл індет басталғалы осымен екінші рет тіркеліп тұрған жоғарғы көрсеткіш. Дертті жұқтырғандар саны барлық аймақта өскен. Осыған байланысты «қызыл аймақ» қатарына жатқызылған өңірлер саны артып келеді. Ал Парижде бүгіннен бастап баршаға қоғамдық орындарда бетперде тағып жүру міндеттелді.

Айта кетейік, Франция – Еуропада коронавирус дерті көп таралған елдің бірі. Мұнда вирусты жұқтырғандар саны 240 мыңға жуықтаған.

Хабар 24 телеарнасы