Үндістандағы су тасқыны қалың елді әбден әбіргерге салды. Табиғаттың қиқар мінезінен аймақта мыңдаған адам зардап шеккен.
Әсіресе елдің орталығы мен шығысында орналасқан екі штаттың тұрғындары. Осыған байланысты қазір жергілікті халық құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Айта кетейік, тасқын салдарынан ел орталығындағы Райпур қаласында жүздеген үй мен ғибадатхана су астында қалды. Мадхья Прадеш штатында да осыған ұқсас жағдай. Мұнда егістік алқаптарын су шайып кеткен.