420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та коронавирустың қайта жұғуы тіркелді

  • 156
  • UPD: 13:27, 29.08.2020
АҚШ-та коронавирустың қайта жұғуы тіркелді

Невада штатының тұрғыны коронавирусты қайта жұқтырған. Мұны 48 күннен кейінгі  екінші тестінің қорытындысы растап берді.

Алғашында ер адам өз бетімен үйде оқшауланған. Алайда жағдайы күн өткен сайын нашарлап, емханаға жатқызуға тура келген. Бұған дейін де Гонконгте ковидпен қайтара ауыру дерегі тіркелген еді.

Сәуірде дерттен құлан таза айығып шыққан 33 жастағы тұрғын Испанияға сапарынан кейін медицицналық тексерістен өткен. Осылайша 4 жарым айдан кейін тапсырған тесті тағы да ағзасында вирус барын көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы