420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус: 19 елдің 33 вакцинасы сыналады

  • 269
  • UPD: 18:19, 29.08.2020
Коронавирус: 19 елдің 33 вакцинасы сыналады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық сынаққа жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасаған екпе ресми түрде сыналатын вакциналар тізіміне енді. Қазір сынаққа қатысатын еріктілер іздестірліп жатыр. Олардың жасы 18-ден жоғары және коронавирусқа антиденелері болмауы керек. Вакцинаны сынауға қатысқандарға сақтандыру қарастырылған. Сондай-ақ бұл сынақ тізімінде Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Канада секілді елдердің компаниялары немесе зерттеу институттары жасаған 33 вакцина бар. Барлығы 19 елдің 33 вакцинасы сыналады.

Хабар 24 телеарнасы