420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вашингтонда мыңдаған адам шеруге шықты

  • 201
Вашингтонда мыңдаған адам шеруге шықты

Бұл шара Нобель сыйлығының иегері, қара нәсілді құқық қорғаушы Мартин Лютер Кинг ұйымдастырған шерудің өткеніне 57 жыл толуына орайластырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы халық полицейлердің қолынан қаза болғандарды еске алды. Ереуіл Вашингтоннан бөлек Лос-Анджелес пен Кеноша қалаларында да өтті. Айта кеткен жөн, АҚШ-та мамыр айында тәртіп сақшыларының әрекетінен көз жұмған Джорж Флойдың қазасынан кейін полицейлердің озбырлығы мен нәсілшідікке қарсы наразылық акциялары басылмай тұр. Өткен аптада Кеноша қаласында тәртіп сақшылары қара нәсілді ер адамды тұтқындау кезінде де бірнеше рет оқ атқан. Бұл оқиға ереуілдерді қайта көбейтті.      

Иоланда Рене Кинг, Мартин Лютер Кингтің немересі:

– Біз нәсілшілдікке жол бермеуіміз керек. Полицейлердің озбырлығы мен қарулы зорлық-зомбылықты тоқтататын кез келді.

Хабар 24 телеарнасы