420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда соңғы тәулікте 3829 адам коронавирус жұқтырды

  • 137
  • UPD: 10:17, 30.08.2020
Испанияда соңғы тәулікте 3829 адам коронавирус жұқтырды

Соңғы апталарда Еуропаның бірқатар елінде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдемей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Италия, Ұлыбритания, Франция мен Испанияда күнделікті тіркеліп жатқан оқиғалар саны мыңнан азаяр емес. Соңғы тәулікте Испанияда 3829 жаңа оқиға расталды. Сөйтіп, мұнда вирусты жұқтырудың деректерінің саны 455 мыңнан асып кетті. Жалпы келесі аптада Испанияда коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің екінші кезеңі басталады. Бұл жұмыстар 2 айға созылады. Оған 190 испандық қатысуы тиіс.

Тереза Молина, жергілікті тұрғын:

- Меніңше, бізде коронавирустың бірінші толқыны әлі аяқталған жоқ. Сөйте тұра, билік шектеу шараларын жеңілдетіп тастады. Енді вакцинаға үлкен үміт артып отырмыз. Препарат дайын болса, бірден екпе жасатамын.

Хабар 24 телеарнасы