426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венгрия билігі коронавирусқа байланысты шекарасын қайта жапты

  • 190
  • UPD: 10:28, 30.08.2020
Венгрия билігі коронавирусқа байланысты шекарасын қайта жапты

Венгрия билігі коронавирустың таралуын тежеу үшін 1 қыркүйектен бастап шекарасын жабады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл әзірге бір айға қабылданған шара. Маусымда Шенген аймағының елдері арадағы жүріс-тұрысқа қатысты шектеулердің көбін жеңілдеткен еді. Енді Венгрия сол уақыттан бері Еуроодақта бірінші болып шекарасын қайта жапқалы жатыр. Енді бұл мемлекет азаматтары елге кіру үшін коронавирусқа екі бірдей тестің теріс нәтижесін көрсету керек. Жалпы мұнда індетті жұқтыру деректерінің саны 5,5 мыңнан асады. Бұл Еуроодақтың өзге елдерімен салыстырғанда үлкен көрсеткіш емес. Дегенмен, соңғы күндері Венгрияда жаңа оқиғалар саны артып барады. Олардың көбі шетелден келгендермен байланысты.

Хабар 24 телеарнасы