424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда орман өртіне байланысты 500 адам эвакуацияланды

  • 125
  • UPD: 10:32, 30.08.2020
Испанияда орман өртіне байланысты 500 адам эвакуацияланды

Испанияның оңтүстік-батысында 500 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған орман өрті себеп. Қызыл жалын мың гектар аумақты шарпыған. Оны ауыздықтауға жүзден аса өрт сөндіруші мен 26 техника қатысқан. Соңғы мәлімет бойынша тілсіз жау сөндірілді. Ал, оттың нақты неден тұтанғаны әзіге белгісіз. Жергілікті биліктің пайымдауынша, оған күннің ыстығы себеп болуы мүмкін. Өйткені өңірде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтерілген. Жалпы ресми мәлімет бойынша Испанияда биылғы жылдың алғашқы жартысында 3600-ден аса орман өрті тіркелген екен.

Хабар 24 телеарнасы