426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда екі қабатты қонақ үйдің шатыры опырылып, 29 адам көз жұмды

  • 198
  • UPD: 14:19, 30.08.2020
Қытайда екі қабатты қонақ үйдің шатыры опырылып, 29 адам көз жұмды

Қытайда екі қабатты қонақ үйдің шатыры опырылып, ғимаратты қиратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іште қалған 29 адам көз жұмды. Тағы 28-і жарақат алған. Оқыс оқиға елдің солтүстігіндегі Шаньси провинциясында тіркелді. Мейманхана ішінде мерекелік банкет өтіп жатқан. Осы сәтте нысанның төбесі түсіп кетсе керек. Төтенше жағдайдың нақты себебі әзірге белгісіз. Іздестіру-құтқару операциясы аяқталды. Оған 800-ден аса маман қатысқан.

Хабар 24 телеарнасы