420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Римдегі COVID жұқтырған нигериялық мигранттар госпитальдан кетіп қалмақ болды

  • 151
  • UPD: 15:46, 30.08.2020
Римдегі COVID жұқтырған нигериялық мигранттар госпитальдан кетіп қалмақ болды

Италия астанасы Римдегі әскери госпитальде күтпеген тосын жағдай орын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда коронавирус жұқтырған нигериялық мигранттар госпитальден кетуді ұйғарған. Алайда, дәрігерлер рұқсат етпеген, оған көнбеген екі әйел мен ер адам дәрігерге күш көрсетуге көшкен. «Медициналық мамандар ғана емес, сонда жатқан әсерилер де таяқ жеді», деген ақпар бар. Оқиға орнына келген полицейлер жағдайды бақылауға алды. Жалпы соңғы уақытта осы Италияға ағылған босқындар саны күрт көбейіп кетті. Мәселен, жергілікті тұрғындардың қарсылығына қарамастан, бүгін түнде Лампедуза аралында кеме апаты кезінде құтқарылған 450 босқын жеткізілді. Сөйтіп, аралда 100 адамға арналған уақытша лагерьде қазір бір жарым мыңға жуық мигрант тұрып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы