431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапондар С.Абэнің орнында кімді премьер ретінде көргісі келетінін айтты

  • 158
Жапондар С.Абэнің орнында кімді премьер ретінде көргісі келетінін айтты

Әлеуметтік сауалнама нәтижелері жарияланды.

Сауалнамаға сәйкес, Жапония халқының басым бөлігі жаңа премьер ретінде елдің бұрынғы қорғаныс министрі Сигэру Исибаны көргісі келеді.

Бұл туралы Kyodo хабарлады.

Сұралғандардың 34%-ке жуығы Исибаны қолдаса, екінші орынды Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга иемденіп, оны адамдардың 14%-і қолдайтынын айтты. Ал үшінші орыннан Жапонияның қазіргі қорғаныс министрі Таро Коно көрінді, оны сұралғандардың 13,5%-і премьер ретінде көргісі келеді.

Сондай-ақ сауалнамаға қатысқандардың төрттен Синдзо Абэнің «баяғыдан бері отставкаға кеткені дұрыс болар еді» деген пікір айтқан.

Еске сала кетсек, таяуда Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ денсаулығына байланысты отставкаға кететіні туралы мәлімдеді.

Аударған: Г.Абилова

 

Хабар 24 телеарнасы