426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Портлендке ұлттық гвардияны кіргізуге үндеді

  • 158
  • UPD: 21:12, 30.08.2020
Трамп Портлендке ұлттық гвардияны кіргізуге үндеді

Дональд Трамп Портленд мэрін қалаға ұлттық гвардияны кіргізуге шақырды. Президенттің бұл әрекетіне жаппай тәртіпсіздіктер себеп.

Ереуілшілер полиция ғимаратын өртеп, тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған. Қазір 19 адам қамауға алынды. Арасында кәмелетке толмаған жеткіншек те бар. Наразылық акциясы полицейлердің озбырлығы мен нәсілшілдікке қарсы ұйымдастырылған. Өткен түнгі атыс кезінде бір адам көз жұмды. Бірақ билік бұл жағдайдың ереуілдерге қатысы бар немесе жоқтығы туралы ашып айтпаған.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұнда Трамп жақтастарының шеруі мен нәсілшілдікке қарсы наразылық акцияға қатысушылар арасында қақтығыс болған.

Хабар 24 телеарнасы