429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Ататүріктің басқыншыларға қарсы күрестегі Жеңіс күнін тойлады

  • 207
  • UPD: 21:43, 30.08.2020

30 тамыз түрік елінде де атаулы күн. Мұндағы жұрт Жеңіс күнін тойлап жатыр.

Осыдан 98 жыл бұрын ел көсемі Мұстафа Кемал Ататүрік батыс басқыншылығына қарсы шайқасып, жауын тізе бүктірді. Сондықтан бұл күн 1926 жылдан бері ресми мейрам ретінде тойланады. Бұл күні түрік халқы айқаста қаза тапқандарды еске алып, салтанатты шараларда бас қосады. Дегенмен, биылғы мереке өзгерек. Қауіпті індетке байланысты шектеу бар. Бірақ әскери шеру мен кей шараларға рұқсат етілген.  

Хулия Коч, қала тұрғыны:

- Бұл Жеңіс болмаса, республикамыз да, біз де болмас едік. Ұлы қолбасшымыз Мұстафа Кемал Ататүрік пен оның жолдастарын құрметпен еске аламыз. Олардың бізге тарту еткен мұрасын көздің қарашығындай сақтаймыз. Жасасын Жеңіс күні. Жасасын Ататүрік. Түрік екенімді мақтан етемін. 

Айтқан Шенгүл, қала тұрғыны:

- Бұл біздің отандық міндетіміз. Зейнеттегі мұғаліммін. Жылдар бойы оқушыларды отансүйгіш, байрақ және Ататүрікке деген сүйіспеншілікке оқыттым. Үйреттім. Өкінішке орай, биыл мерекені лайықты қарсы алып, шеруге шыға алмадық. Бірақ келер жылы дүркіретіп тойлаймыз деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы