426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: әлемдік антирекорд орнады

  • 182
  • UPD: 08:55, 31.08.2020
COVID-19: әлемдік антирекорд орнады

Үндістанда коронавирустың таралу қарқыны бесеңдемей тұр.

Соңғы тәулікте мұнда 78 мыңнан аса адамның індетті жұқтырғаны расталып, әлемдік антирекорд орнады. Бұған дейін ешбір елде мұндай үлкен тәуліктік көрсеткіш тіркелмеген. Антирейтингтің бірінші орнында тұрған АҚШ-тың өзінде бір күнде расталған оқиғалардың ең үлкен саны 77 мыңнан асқан. Сөйтіп, бүгінде Үндістанда коронавирусты жұқтыру деректерінің саны 3 жарым миллионнан асады. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта індет әсіресе ауылды аймақтарда тез тарап барады. Оған тұрғындардың сақтық шараларына жауапкершілікпен қарамауы себеп.

Раджив Парекх, дәрігер:

– Бұған дейін вирусты жұқтыру деректері сәл азайған еді. Жұрт індетті жеңдік екен деп, бейқам жүрді. Әлеуметтік қашықтық сақталмады. Санитайзерлер қолданылған жоқ. Тұрғындар бәрі бітті, қалыпты өмірге қайта оралдық екен деп босаңсып кетті. Алайда індет қайта өршіп барады.

Хабар 24 телеарнасы