424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда жаңа премьер-министрдің кандидатурасы 17 қыркүйекте бекітіледі

  • 163
  • UPD: 08:55, 31.08.2020
Жапонияда жаңа премьер-министрдің кандидатурасы 17 қыркүйекте бекітіледі

Тиісті шешім парламенттің кезектен тыс отырысында қабылданбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін 3 күн бұрын Либерал-Демократиялық партияның жаңа төрағасын сайлау бойынша дауыс беру өткізіледі. Онда жеңіске жеткен кандидат үкіметті басқаруы тиіс. Бұл лауазымға ең басты үміткерлер қатарында сыртқы істер министрі, үкіметтің бас хатшысы мен бұрынғы қорғаныс министрінің есімдері аталып отыр.

Айта кеткен жөн, бірер күн бұрын Синдзо Абэ денсаулығына байланысты отставкаға кеткен болатын. Оның ескі ауруы қайта сыр берген. Осылайша саясаткер қызметінен екінші рет ерте кетіп отыр. 2007 жылы ол денсаулығына байланысты лауазымынан бас тартқан. Алайда 2012 жылы қайтадан премьер-министр болып тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы