431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия Жерорта теңізінде әскери оқу-жаттығу өткізді

  • 215
  • UPD: 13:14, 31.08.2020
Грекия Жерорта теңізінде әскери оқу-жаттығу өткізді

Грекия Жерорта теңізінің шығысында әскери оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Ұлттық қорғанысының Бас штабы мәлім етті. Іс-шара «Кастел-Оризо» аралының маңында жүргізілген. Түркия Грекияның аралға әскерилерді жіберуін айыптап, халықаралық құқыққа сай әрекет ететінін жеткізді. Еске сала кетейік, соңғы апталарда Түркия мен Грекия арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кетті. Оған Түркияның осы аралға жақын жерде, газ бен мұнай қорын зерттеуі себеп. Афина аралдың өзінің құрлықтық қайраңына кіретінін айтып, зерттеу жұмыстарын тоқтатуды талап етіп отыр. Еуроодақ Грекияға қолдауын білдірген.

Хабар 24 телеарнасы