420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда шектеу шараларына қарсы наразылық акциясы өтті

  • 145
  • UPD: 13:22, 31.08.2020
Лондонда шектеу шараларына қарсы наразылық акциясы өтті

Лондонда нарзылық акциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мыңдаған адам Трафальгар алаңына жиналып, биліктен коронавирусқа байланысты енгізілген карантинді алып тастауды талап етуде.

Көшеге шыққан халық шектеу шараларымен қатар елде вирусқа қарсы екпе жүргізбеуді де сұрап отыр. Бұл – Ұлыбританияда індет таралғалы биліктің дертпен күресіне қарсы ұйымдастырылған ірі шара. Шеруге қатысушылар карантин режимі адам құқығын бұзып, азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіруде дейді. Айта кетейік, Ұлыбританияда «Ковид-19» таралғалы 332 мыңнан астам адам жұқтырған. 40 мыңнан астам науқас қайтыс болды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы