429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та дүлей дауылдан 16 адам қаза тапты

  • 211
  • UPD: 15:59, 31.08.2020
АҚШ-та дүлей дауылдан 16 адам қаза тапты

АҚШ-та «Лаура» дауылынан мерт болғандардың саны 16-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаза тапқандардың көбі қауіпсіз орындарда электр қондырғыларының дұрыс жұмыс істемеуінен иіс тиіп өлген. Ал бірнеше тұрғынды құлаған ағаш басып қалған. Табиғи апаттан Луизиана, Техас және Аризона штатына ең көп шығын келген. Дауыл мен жаңбырдан елді мекендерді су басып, көптеген үй қирап бүлінген. 650 мыңнан астам адам жарықсыз қалды. Апат аймағында президент Дональд Трамп болып қайтты. Луизиана билігі «Лаура» салған ойран 2005 жылғы «Катрина» дауылынан да асып кеткенін айтады. 

Еске сала кетейік, «Лаура» дауылы АҚШ-та өткен аптаның бейсенбі-жұма күндері соққан. Оның жылдамдығы сағатына 240 шақырымға дейін жетті.

Хабар 24 телеарнасы