420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада салауатты өмір салтын ұстанғандар көбейді

  • 99
  • UPD: 18:16, 31.08.2020
Мексикада салауатты өмір салтын ұстанғандар көбейді

Мексикада коронавирус тарағалы велосипедпен жүрушілердің қарасы көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Адамдар қоғамдық көліктерде вирус жұқтырып алудан сақтанып, қауіпсіз көліккке бет бұрған. Сәйкесінше, велосипед сатушылардың да саудасы қызған. Ал, жергілікті билік бұл жаңалыққа қуанып отыр. Себебі індетке дейін 20 миллион халқы бар алып шаһар ауасының ластануымен күресеш нәтиже бермей келіп еді. Енді билік қазір халық арасында кең жайыла бастаған осы үрдіс індеттің беті қайтқаннан кейін де жалғасын тапса деген үмітте. Айта кетейік, бұған дейін күн сайын 5 миллион тұрғын метромен қатынаған екен.

Умбэрто Гарсиа, дүкен қожайыны:

Адамдар коронавирус жұқтырып аламыз деп қоғамдық көліктермен жүруден қорқады. Карантин кезінде спортпен шұғылданатындардың қарасы көбейді. Жасыратыны жоқ, нәтижесінде дүкенімізде велосипед сатылымы да өсті.

Хабар 24 телеарнасы