420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда Тәуелсіздік күні аталып өтті

  • 86
  • UPD: 23:43, 31.08.2020
Қырғызстанда Тәуелсіздік күні аталып өтті

Бүгін Қырғыз елінің тәуелсіздік күні, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, коронавирусқа байланысты той өтпейді. Мемлекеттің басты мейрамы әдеттегідей Бішкектің «Ала-Тоо» алаңында аталып өткенімен, оған жергілікті тұрғындар қатыса алмады. Биыл мұндай мүмкіндік тек індетпен арпалысқан медицина мамандарына ғана берілді. Оның өзінде жыл сайын үш сағатқа созылатын мерекелік концерт небәрі бір сағатта аяқталды. Десе де, жергілікті жұрт алаңға жинала алмағанымен, саябақ есіктері бұл күні келушілерге ашық болды.

Аман Муктар, аттракцион иесі:

Өткен жылмен салыстырғанда биыл адам қарасы көп емес. Шамамен үш есеге аз. Қазір ешкім аттракциондарға келе бермейді.

Айта кетейік, қазір Қырғызстанда ашық аспан астында концерттер, спорттық шаралар мен сауық кештерін өткізуге болмайды. Мұның бәрі сақтық мақсатында жасалып отырған шаралар . Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде соңғы уақытта вирус жұқтыру деректері азая бастаған. Мәселен, өткен тәулікте Қырғыз жерінде 78 адам инфекцияға шалдыққан. Ал бүгінге дейін вирус жұқтырған 44 мыңдай кісінің 38,5 мыңнан астамы жазылып шығыпты. Яғни шұғыл ашылған барлық  емханалар уақытша жабылған.

Хабар 24 телеарнасы