420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада үкіметке қарсы шеру өтті

  • 128
  • UPD: 08:49, 01.09.2020
Мексикада үкіметке қарсы шеру өтті

Мексика астанасында үкіметке қарсы шеру өтті. Қала көшелеріне шыққан мыңдаған тұрғын президенттің отставкаға кетуін талап етті. Шерушілер мемлекет басшысын елдегі экономикалық дағдарыс пен криминалдың белең алуына кінәлі деп айыптап отыр. Бұған қоса дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі тағы бар.

Тани Сегай, Мексика тұрғыны:

- Елдегі ахуалға байланысты ұлым дүкенін жапты. Қол астында 90-ға жуық қызметкері болатын. Енді өзі жұмыссыз қалып отыр.

Өз кезегінде Мексикада коронавирус жұқтырғандар саны азаяр емес. Өткен тәулікте елде тағы 4 мыңнан астам жаңа дерек тіркелген. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Айта кетейік, Джонс Хопкинс университеті таратқан мәліметке сәйкес, бүгінде Мексика инфекцияға шалдыққандар саны жағынан Латын Америкасында төртінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы