420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда КВИ жұқтыру жөнінен антирекорд орнады

  • 137
  • UPD: 09:14, 01.09.2020
Колумбияда КВИ жұқтыру жөнінен антирекорд орнады

Колумбияда COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша антирекорд орнады. Елде бір тәулікте 8 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция табылған.

Тағы 300 кісі бақилық болған. Бұл жайлы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Аталған ведомствоның дерегінше, індет басталғалы бері Колумбияда 607 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркелген. Бұл көрсеткіш бойынша ол өткен аптада Мексиканы басып озған.

Хабар 24 телеарнасы