420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда жаңа премьер-министр тағайындалды

  • 124
  • UPD: 10:16, 01.09.2020

Ливанда жаңа премьер-министр тағайындалды. Енді бұл лауазымды бұған дейін Германияда елші болып жұмыс істеген Мұстафа Адиб атқарады.

Адибтың кандидатурасын 128 депутаттың 90-ы қолдаған. Айта кеткен жөн, Ливан астанасы Бейрутте 4 тамыздағы жойқын жарылыстан кейін елді жаппай ереуілдер жайлады. Жұрт 190 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік оқиғаға билікті кінәлап отыр. Осыған байланысты 10 тамызда үкімет отставкаға кеткен. Енді жаңа премьер-министр қысқа уақыт ішінде үкімет құруы тиіс.   

Мұстафа Адиб, Ливан премьер-министрі:

- Қазіргідей қиын-қыстау заманда көп сөйлеп, уәде беретін уақыт жоқ. Қазір әрбір тұрғынмен жұмыс істеуіміз  керек. Сонда халық болашаққа сеніммен қарай алады. Шұғыл арада жаңа үкімет құрып, реформаларды жүзеге асыру керек. Еліміз халықаралық қаржылай көмек алу үшін қолдан келгеннің бәрін істеуіміз тиіс.

Хабар 24 телеарнасы