420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус вакцинасы қандай жағдайда тиімді болатыны аталды

  • 168
  • UPD: 18:56, 02.09.2020
Коронавирус вакцинасы қандай жағдайда тиімді болатыны аталды

Коронавирусқа қарсы вакцина кем дегенде сынақтың 50 порцентінде адам ағзасындағы вируспен жақсы күресіп, оны жоя алса ғана тиімді болып саналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде жасалып жатқан екпелердің тиімділігін анықтау бойынша осындай мәлімдеме жасады. Сондықтан бұл межеден төмен екпені тіркеудің қажеті жоқ екен.

Ал ресми мәліметке сәйкес, қазір әлемде 31 вакцина клиникалық сынақтың түрлі сатысына көшкен. Яғни адамдарға сыналу үстінде. Тағы 142 компания осы межеге жақындап қалған.

Майк Райан, ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар жөніндегі атқарушы директоры:

- Әр мемлекет екпе егу және өзге де емдеу тәсілдерін қолдану бойынша өз саясатын анықтауға құқылы. Алайда олар ең жоғарғы ғылыми талаптарға сай болуы тиіс. Ал төтенше жағдайда қолданылатын кез келген вакцина немесе дәрі-дәрмек жіті тексеруден өткізіліп, қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Халықаралық құрылым мемлекеттердің карантиннен кейін қалыпты өмірге көшу кезінде қандай мәселелерге басты назар аудару қажеттігіне де тоқталды. Ұйым өкілдері билік ең алдымен стадион, шіркеу сынды адамдар көп жиналатын орындарда азаматтардың вирусты жаппай жұқтыруының алдын алу кеерк дейді. Осымен қатар індеттің таралуына тоқтату үшін тестілеуді жалғастырып, адамдардың шектеу шараларын орындауын сұрады.

Хабар 24 телеарнасы