420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай мектепке қатынап оқуға рұқсат берді

  • 156
  • UPD: 11:01, 01.09.2020
Қытай мектепке қатынап оқуға рұқсат берді

Қытайда оқу орындарын ашуға рұқсат берілді. Алайда санитарлық жағдайы қатаң бақылауда. Студенттер оқу жылы басталмай тұрып коронавирусты анықтайтын тест тапсыруға міндетті. Жоғары оқу орындары болса жабық режимде жұмыс істейды. Студенттер мен мұғалімдерге мұқтаждық туындамаса оқу ғимаратынан шықпайды.

Қытайда жаңа оқу жылын бастауға рұқсат берілді. Алайда қарастырылған қатап талаптарды мүлтіксіз орындау міндет. Білім ордалары сабақ бастамастан бұрын жауапты мамандар тарапынан текерсіліп, жарамдылығы туралы шешім шыққаннан кейін ғана шәкірттеріне есік ашады. Бейжіңнің өзінде бұл жұмысқа мыңнан астам иснпектор тартылды. Қабылданған шаралар оқушылардың қауіпсіздігі үшін қолға алынып отыр. Статистика бойынша ел астанасының өзінде 600 мыңнан астам оқушы бар. Әр оқу орыны төтенше жағдай кезінде өз жоспарын жасап, бекітіп қойған. Ал ұстаздар арнайы дайындықтан өтті. 

Ван Фан, Хайдянь ауданының білім беру комитетінің басшысы: 

- Бастауыш және орта мектептерді 39 бап бойынша тексереміз. Ал балабақшаларға талап одан да қатаң қойылады. Оларда санитарлық нормалар 50 түрлі ережеге сай болуы керек. Инспекторлар өз ісіне мұқият қарайтыны белігілі. Жауапкершілікті жете түсінеді. Және бұл қадам мұғалімдер мен оқушылардың қауіпсіздігі үшін. 

Жаңа ережеге сай мектепке кіреберісте балалардың дене қызуы екі түрлі құрылғымен бірнеше мәрте өлшенеді. Ата-аналар мектеп қақпасынан қалады, ішке енуе боламйды. Дене қызуын өлшейтін құрылғы, маска мен санитайзерлер әр сыныпта және дәлізге де қойылады. Ал әлеуметтік арақашықтықты ескертіп отыратын сары түспен белгіленген сызықтар бар. Балалар ашық аспан астында бетпердесіз жүре алады. Ал сабақтың басталуына екі апта қалғанда ата-аналар балалардың дене қызуын күнде мұғалімге хабарлап етіп отыруы міндетті.

Лили Лю, мектеп директоры:

- Біз оқушылар мен мұғалімдердің  соңғы екі аптада қай жерде болғандарын да біліп отырамыз. Олардың эпидемиологиялық ахуалы күрделі аймақтарда жүрмегеніне сенімді болуымыз керек. Ұстаздарға талап қатаң. Жазғы демалыста оларға шаһардан шығуға тыйым салынды.

Бейжіңде мектептер сәуір айында ашылуды жоспарлаған кезде індет қайта өршіген еді. Сол себепті білім беру мекемелерінде сабақ оқытылған жоқ. Кейін оқушылар мен мұғалімдер коронавирусты анықтайтын тесттен өткен. Енді жоғарғы сыныптан басқа бастауыш мектептер мен балалақшалар да ашылуы тиіс.  Мамандар енді маусымдық тұмау сабақ процесіне әсер етуі мүмкін екенін алға тартады.

Авторлары: Ботагоз Сыргабаева, Айгерим Сулейменова

Хабар 24 телеарнасы