429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Amazon корпорациясы тауарларды дронмен жеткізу сертификатын алды

  • 189
  • UPD: 10:45, 01.09.2020
Amazon корпорациясы тауарларды дронмен жеткізу сертификатын алды hightech.fm

Америкалық Amazon корпорациясы Part 135 типті әуе тасымалдаушы сертификатын иеленді.

АҚШ азаматтық авиациясы федералды басқармасының (FAA) бұл құжаты арқылы Amazon тауарларды дронмен жеткізуге мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы CNN хабарлады.

Ағымдағы жылдың наурыз айында бағдарламаны Boeing-та қызмет еткен Дэвид Карбон қолға алды. Ол бұл сертификацияны маңызды қадам деп санайды.

«Дрондарды әуе кеңістігіне толықтай бірлестіріп, FAA және әлемдегі басқа да басқару органдарымен тығыз серіктестік орнатып, тапсырысты 30 минуттың ішінде жеткізу үшін біз өз технологиямызды ойлап тауып, оны әрі қарай дамытатын боламыз», – дейді Карбон.

Amazon өзінің аталмыш мәлімдемесі бойынша 500-ден астам қауіпсіз және тиімді ұшу дерегін тіркеп үлгерген.

Тапсырысты дронның көмегімен жеткізу бағдарламасының қабылданғаны туралы алғаш рет 2013 жылдың желтоқсан айында мәлімделген болатын. 3 жыл өткен соң Ұлыбританияда осы типті алғашқы жеткізу қызметі жүзеге асты.

Одан кейін бағдарламаның даму қарқыны бәсеңдеп қалды. Алайда коронавирус пандемиясының салдарынан мұндай типті жеткізу өзекті қызметке айналды.

Хабар 24 телеарнасы