431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та коронавирусты 6 млн адам жұқтырған

  • 203
  • UPD: 17:10, 01.09.2020
АҚШ-та коронавирусты 6 млн адам жұқтырған

АҚШ-та коронавирусты жұқтыру деректерінің саны 6 миллиондық межеден асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп әлемдегі шамамен әрбір төртінші оқиға осы елде тіркеліп отыр. Ал мұнда індеттен көз жұмғандардың саны 188 мыңға жуықтайды. Ең көп оқиға Калифорния, Техас, Флорида және Нью-Йорк штаттарында тіркелген. Бүгінде АҚШ расталған деректер саны бойынша да, кісі өлімі бойынша да әлемде бірінші орында тұр. Бірақ президент Дональд Трамптың айтуынша, тамызда індетті жұқтыру деңгейі шілдемен салыстырғанда, 38 процентке азайған екен.

Хабар 24 телеарнасы