420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париж халқы көшеде тегін тест тапсыра алады

  • 163
  • UPD: 17:24, 01.09.2020
Париж халқы көшеде тегін тест тапсыра алады

Францияда бір апта ішінде коронавирусқа 900 мың тест жасалынған.

Билік алдағы уақытта оның санын 1 млн-ға дейін жеткізуге ниетті. Осы ретте Париж көшелерінде вирусқа тегін тексерілуге болатын шатырлар орнатылған. Әзірге мобильді зертханалар шаһардың 3 ауданында ғана жұмыс істеп тұр. Алайда келесі аптаның басында олар қаладағы 20 ауданның барлығында орнатылуы тиіс. Айта кеткен жөн, кейінгі апталарда Францияда коронавирус қайта өршіп барады. Сондықтан билік шектеу шараларын күшейтіп жатыр. Бұл ретте бүгіннен бастап тұрғындар жұмыс орнында да маска тағып жүруі тиіс. Бұған дейін француздар оны қоғамдық орындар мен көшеде тағуға міндеттелген. Ал ережені елемей, бетпердесіз жүргендерге 135 еуро көлемінде айыппұл салынады. Бір айда тәртіпті үш мәрте бұзғандар 6 айға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әли Джабби, Париж тұрғыны:

- Мен Париж мэриясының алдында мобильді зертхананың ашылғанын жаңалықтардан білдім. Сондықтан осында келіп, тегін тексеруден өттім. Жақында достарыммен бірге Хорватияда демалып қайтқан едім. Қанша дегенмен, вирус жұқтырып алмадым ба екен деген қорқыныш бар. Сол үшін тест тапсырдым. Біраздан соң достарым да осында келіп, тексеруден өтеді.

Хабар 24 телеарнасы