429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль мен БАӘ арасында әуе байланысы орнатылды

  • 125
  • UPD: 17:25, 01.09.2020
Израиль мен БАӘ арасында әуе байланысы орнатылды

Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында әуе байланысы орнатылып, Тель-Авивтен Абу-Дабиге тұңғыш рет коммерциялық рейс жүзеге асырылды.

Алғашқы ұшақпен АҚШ президентінің көмекшісі Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер бастаған америкалық делегация және Израильдің ресми тұлғалары сапар шекті. Лайнер Сауд Арабиясының әуе кеңістігін басып өтті. Бұған дейін Израиль авиациясына бұл елдің аспанымен ұшуға рұқсат етілмейтін. 

Биньямин Нетаньяху, Израиль Премьер-Министрі:

- Бұл – тарихи сәт. Израильден тұңғыш рет Сауд Арабиясы әуе жолы арқылы Біріккен Араб Әмірліктеріне тікелей рейспен ұшып барасыздар. Бәріміз толқып тұрмыз. Себебі біз осы мақсатқа жету үшін ондаған жылдар бойы жұмыс істедік. Қол жеткен бейбіт келісім екі елдің дамуына әрі халықтардың араласуына өз септігін тигізеді деп сенемін.

Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктері тамыздың 13-і күні дипломатиялық байланыс орнату туралы келісімге келген. АҚШ-тың делдалдығымен жасалған құжатқа сәйкес Абу-Даби Израиль мемлекетін таныса, Тель-Авив Иордан өзенінің батыс жағалуындағы жаулап алған жерлерді қосып алмауға келісімін берген.

Хабар 24 телеарнасы