426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рим саяхатшыларды өзара тексеруді ұсынбақ

  • 206
  • UPD: 17:24, 01.09.2020
Рим саяхатшыларды өзара тексеруді ұсынбақ

Италия еуропалық елдерге саяхатшыларды өзара тексеру жөнінде ортақ тәртіп енгізуді ұсынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Сандра Дзампа мәлімдеді. Қазір Рим осы бағытта ынтымақтастық жайлы келісім шарт дайындап жатқан көрінеді. Құжатқа сәйкес саяхатшылар өз елінде де, өзге елге барғанда да тестен өткізілмек. «Шара қауіпсіз саяхатты қалпына келтіруді көздейді», – дейді шенеунік.

Айта кетейік, Италия маусымның 3-і күні шекарасын ашып, Еуроодақ елдерінің азаматтарына саяхаттауына рұқсат еткен.

Хабар 24 телеарнасы