426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде жасанды интеллектімен басқарылатын пойыз сынақтан өтуде

  • 200
Ресейде жасанды интеллектімен басқарылатын пойыз сынақтан өтуде Moskva.ru

Ресей темір жолы әлемдегі ең алғашқы жасанды интеллект арқылы басқарылатын пойызды тесттен өткізуде.

Мұндай тың идея адамдардың қатысуымен болатын төтенше жағдайларды қысқарту үшін жүзеге асырылып жатыр.

Агенттіктің ақпараты бойынша қазір техникалық көру қабілеті арқылы темір жолдағы объектілерді ажырата алатын 10 локомотив дайын. Жасанды интеллект пойыздың жүру процесіндегі түрлі сигналдардан хабар беріп отырады.

Бұл сынақ 2020 жылдың күзінде аяқталып, өнеркәсіптік өндірісте рұқсатнама алады деп жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы