429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейрутте ереуілге шыққан жұрт парламент ғимаратына басып кірмек болды

  • 164
Бейрутте ереуілге шыққан жұрт парламент ғимаратына басып кірмек болды

Ливаннан тағы да тыныштық кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел астанасы Бейрутте ереуілге шыққан жұрт парламент ғимаратына басып кірмек болған. Сондай-ақ тәртіп сақшыларына петарда лақтырып, тас жаудырған. Ал, полицейлер ашынған топты тарату үшін көз жасаурататын газды қолданды.

Тәртіпсіздіктер салдарынан 20-дан аса адам жараланған. Оқиға орнына әскерилер мен арнайы техника жеткенде ғана жағдай бақылауға алынды. Негізі 4 тамызда кемежайдағы жойқын жарылыстан кейін елді жаппай ереуілдер жайлаған. Халық бәріне билікті кінәлап, үкімет толық құрамымен отставкаға кеткен. Сөйтіп, тақауда мұнда жаңа премьер-министр тағайындалды. Алайда, халық оған қарсы. Жұрт реформалар қажет екенін айтады. Ереуілшілер Бейрутке ресми сапармен келген Франция президентінен жаңа үкіметті мойындамауға шақырып отыр. Ал, француз басшысы келесі айда Парижде Ливанды қолдау мақсатында халықаралық конференция ұйымдастыруға дайын екенін айтады.  

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

- Ливанға реформалар қажет. Біз жергілікті билікке қазанның аяғына дейін уақыт береміз. Егер міндеттемелер орындалмай, жағдай өзгермесе, санкциялар қолдануға тура келеді. Яғни, Ливан экономикасына қажетті халықаралық қаржылай көмек тоқтатылуы мүмкін. Реформалар жүргізілмесе, ел экономикасы құлдырап, мұның зардабын ең алдымен халық тартатын болады.

Хабар 24 телеарнасы