420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия Еуропа елдеріне саяхаттап барғандарға ортақ тәртіп енгізуді ұсынады

  • 101
  • UPD: 13:05, 02.09.2020
Италия Еуропа елдеріне саяхаттап барғандарға ортақ тәртіп енгізуді ұсынады

Италия Еуропа елдеріне саяхатшыларды коронавирусқа қатысты тексеру жөнінде ортақ тәртіп енгізуді ұсынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Сандра Дзампа «қазір Рим өзара келісім жөнінде құжат дайындап жатыр» деді. Қабылданатын ережеге сәйкес саяхатшылар өз елінде де және өзге елге барғанда да тестен өтуі тиіс. «Шара қауіпсіз саяхатты қалпына келтіруді көздейді», - дейді Дзампа.

Айта кетейік, Италия 3 маусым күні шекарасын ашып, Еуроодақ елдерінің азаматтарының еркін өтуіне рұқсат берген.

Хабар 24 телеарнасы