429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекордты жаңартты

  • 185
  • UPD: 17:01, 02.09.2020

Өткен күні мемлекетте дертке тағы 78 мыңнан астам адам шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ сарапшылар бұл санның өзі төмендетілген деп отыр. Себебі, вирус жұқтырғандардың көбі тіркелмейді немесе шалғай ауылдарда тұратын көрінеді. Үндістанда індет таралуына тосқауыл қою үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр?

Үндістанда жаз басталғалы коронавирустың таралуы күрт өсті. Бір айға жетпей мемлекет вирусты жұқтырғандар бойынша алғашқы үш елдің қатарына қосылды. Жақында жаңа антирекорд орнады. Бір тәулікте вирусты 78 мың адам жұқтырды. Жергілікті ауруханалар шілде айында-ақ көп қиындыққа тап болды. Билік жуық арада Нью-Делиде коронавируспен ауырғандарды емдейтін медициналық орталық ашылатынын хабарлаған. Бірақ әзір науақстарды ескі ауруханалар қабылдап жатыр.

Удит Рахи, Нью-Дели медицина университетінің профессоры:

- Қазір жақсы жаңалыққа тек дерттен қайтыс болғандардың саны 2 проценткнақты деп айтуға келмес. Себебі, есеп ауруханадағы науқастарды санаумен ғана жүргізіліп отыр. Одан тыс жерлерде вирустан қанша адамның көз жұмып жатқаны белгісіз. Шалғай ауылдарда індеттің таралуы өршіп тұр. Адамдар дәрігерге барудың орынына халықтық ем-дом қолданып емделуде.

Қазір Үндістанда вирусты жұқтырғандар қарасы 3 миллион 900 мыңнан асты. Тәуелсіз сарапшылар бұл санға тағы бірнеше миллион қосуға болатынын айтады. Әлемдегі халқы ең көп елде эпидемиологиялық мәдениет аса жақсы емес. Биліктің қатаң карантин шараларын енгізгеніне қарамастан адамдар оларға немқұрайлы қарайды.

Мангаламп Досанджх, Нью-Дели ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі:

- Індеттің тез таралуына адамдардың өздері де кінәлі. Вирус шыға салысымен жұрт қорғаныш заттарын жаппай сатып алды. Ал олар азая бастағанда қолданылған қорғаныш заттарын базарларда сатуға кірісті. Жұқпалы ауурулар бөлмелерінде пайдаланылған медициналық қолғаптар мен бетперделер көшелерге тарап індет өршіді.

Билік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтады. Науқастар санының өсуін қалалардағы халықтың көптігімен түсіндіреді. Шенеуніктер жаңа ауруханалар іске қосылған соң дерттің таралуы бәсеңдейтініне сенімді. Бірақ бұл емдеу орталықтарының қашан салынып бітетіні әлі белгісіз. Депутаттар тіпті індетпен күресте жетістікке жеткенін айтып, одан маңыздырақ істермен шұғылданатын кез келгенін мәлімдеді. Осы мақсатқа бюджеттен 1,5 триллион доллар бөлінген. Қомақты қаржы инфрақұрылымдық жобалар мен эконамиканы қолдауға жұмсалмақ.

Авторлары: Алексей Родионов, Дмитрий Лукша, Анастасия Левитан

Хабар 24 телеарнасы