428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте мектептердің ашылуы кейінге шегерілді

  • 119
  • UPD: 14:21, 02.09.2020
Нью-Йоркте мектептердің ашылуы кейінге шегерілді

Негізі оқу 10 қыркүйекте басталуы тиіс еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда билік оны 21 қыркүйекке дейін кейінге қалдыру дұрыс деп шешкен. Жалпы бұған дейін осы шаһар мұғалімдері «мектептерді әзірге ашпаған жөн» деп өз наразылығын білдірген болатын. Олар «балалардың барлығы коронавирусқа тест тапсырсын» деген талап қойған.

Билл де Блазио, Нью-йорк мэрі:

- Оқудың қайта басталуын кейінге шегеруіміздің бір себебі – қауіпсіздік мәселесі. Нью-Йоркте 200-ден аса тест тапсыру бекеті бар. Олардың көбі мемлекеттік мектептердің жанында орналасқан. Алайда, біз білім беру мекемесінің аумағында фургондар мен шатырлар орнатуға ниеттіміз. Бұл оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің тест тапсыруын жеңілдетуі тиіс.

Ал, Англияда балалар кеше партаға қайта отырды. Мұғалімдер кейбір оқушылардың мектеп бағдарламасынан қалып қойғанын байқаған. Ұстаздар «енді оның орнын толтыру үшін екі жыл қажет» дейді. Бұған дейін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, британдық оқушылардың 20%-і қашықтан оқу кезінде үйде дайындалмаған көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы