426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лос-Анджелесте полицияның күш қолдануына қарсы наразылық шеруі өтті

  • 146
  • UPD: 14:24, 02.09.2020
Лос-Анджелесте полицияның күш қолдануына қарсы наразылық шеруі өтті

Лос-Анджелесте полицияның күш қолдануына қарсы, тағы да наразылық шеруі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы адамдардың көшеге шығуына тамыздың 31-і күнгі оқиға себеп болды.

Тәртіп сақшылары велосипедпен кетіп бара жатқан 29 жастағы Дижон Киззи есімді афроамерикалықты ұстау кезінде атып тастаған. Полицейлердің айтуынша, Киззи жол тәртібін бұзып, оқиға орнынан велосипедін тастап қашпақ болған. Тұтқындау кезінде қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшыларына қару кезенген. Арада атыс болып, полицейлер оны атып өлтірген. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы