420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада бір тәулікте 4000-нан астам адам коронавирус жұқтырған

  • 82
  • UPD: 14:35, 02.09.2020
Мексикада бір тәулікте 4000-нан астам адам коронавирус жұқтырған

Мексикада коронавирусқа шалдыққан науқастардың саны артуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте қауіпті вирусты тағы 4 мыңнан астам адам жұқтырып алған. 500-ден аса науқас қайтыс болды. Ал жергілікті билік індеттің таралуына қарамастан, кеселді жұқтыру дерегінің азайып келе жатыр деп отыр. Осыған байланысты індетке дейінгі өмірді қалпына келтіруге кірісудің қажеттігін айтады. Жалпы бұл мемлекетте дертке шалдыққандардың қарасы 600 мыңға тақаған. Олардың 400 мыңнан астамы емделіп шыққан. 64 мыңнан астам науқас қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы