424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда алты айға созылған жалпыұлттық карантин аяқталды

  • 151
  • UPD: 14:45, 02.09.2020
Колумбияда алты айға созылған жалпыұлттық карантин аяқталды

Қатаң шектеу шаралары алынып, экономиканың көп саласы жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалааралық көлік қатынасы қалпына келтіріліп, әуежайлар жолаушыларға қызмет көрсетуге кірісті. Бірақ кәсіпорындар сауда орындары және мейрамханалар белгіленген күндері ғана жұмыс істейтін болады. Сарапшылар бұл экономиканың тез қалпына келуіне кедергі болуы мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, Колумбияда вирусты жұқтырғандар саны 624 мыңнан асады. Дерттен 20 мыңнан аса науқас қайтыс болған. Індеттен мемлекет экономикасы 15%-ке төмендеп, жұмыссыздық 25%-ке жеткен.

Йоланда Беджарано, жергілікті тұрғын:

- Елде карантин режимінің аяқталғанына қуаныштымын. Бірақ бір жағынан қатаң шектеулердің алынып тасталғаны алаңдатады. Өйткені көптеген адам коронавирус індетін жоққа шығарып, сақтық шараларына немқұрайды қарайды. Бұл індеттің өршуіне әкеле ме деп қорқамын.

Хабар 24 телеарнасы