420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кубалық оқушылар мектепке оралды

  • 137
  • UPD: 16:06, 02.09.2020
Кубалық оқушылар мектепке оралды

Куба оқушылары жаңа оқу жылында әдеттегідей мектепке оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ биыл індетке байланысты оқу орындарында күнделікті тәртіптен бөлек, қосымша шаралар енгізілген. Балалар мектеп аумағында тек бетпердемен жүруі тиіс. Ал бір-бірімен араласқанда арақашықтықты сақтауы қажет. Бойынан ауру нышандары байқалған оқушыны бірден оқшаулау міндеттелген. Ал, індет өршіген аймақтарда балалардың қашықтан оқуы қарастырылған.

Айта кетейік, Кубада қазірге дейін коронавирусты 4 мыңнан астам адам жұқтырған.

Патрисия Мендес, жергілікті тұрғын:

- Ата-ана ретінде, әрине, балаларымыздың денсаулығы үшін алаңдаймыз. Бірақ қазір індетке бейімделіп өмір сүру қажет деп ойлаймын. Әйтпесе, көшеге шығудан қаламыз. Балалар оқу оқи алмайды. Сондықтан төзімділік танытып, елдің Денсаулық сақтау жүйесіне сенім артуымыз керек. Басқа амал жоқ.

Хабар 24 телеарнасы