420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде коронавируспен ауыру ұзақтығы бойынша рекорд орнады

  • 137
  • UPD: 15:53, 02.09.2020
Әлемде коронавируспен ауыру ұзақтығы бойынша рекорд орнады

Бразилия тұрғыны 5 ай, нақтырақ айтсақ, 152 күн бойы вирус тасымалдаушысы болған.

Бұл туралы Рио-де-Жанейро федералдық университетіне сілтеме жасай отырып, жергілікті ақпарат құралдары хабарлайды. Індетті жұқтырған әйел денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді екен. Наурызда аурудың жеңіл белгілері байқалыпты. Кейіннен COVID-19 симптомсыз өткен екен. Әйел үйде оқшауланып, тек 5 ай дегенде ғана жұмысқа қайта шығыпты.

Хабар 24 телеарнасы