421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египет туристер үшін пирамидалары мен мұражайларын ашты

  • 113
  • UPD: 16:15, 02.09.2020
Египет туристер үшін пирамидалары мен мұражайларын ашты

Египеттің мұражайлары мен археологиялық нысандары, оның ішінде пирамидалар 1 қыркүйектен бастап туристерді қабылдай бастады.

Алайда бекітілген бірқатар ережені сақтау керек. Туристік топтарда адам саны 25-тен аспайды. Қонақтар мен қызметкерлердің дене температурасы өлшенеді, маска тағу режимі сақаталған.

Сонымен қатар бір уақытта пирамиданың ішіне 10-15 адамнан артық кіруге тыйым салынған.

Еске салсақ, Египет 1 шілдеден бастап санитарлық нормалардың сақталуымен шетелдік туристерді қабылдауда.

Хабар 24 телеарнасы