420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде бұрын коронавируспен ауырған адам дертті қайтадан жұқтырды

  • 134
  • UPD: 17:22, 02.09.2020
Ресейде бұрын коронавируспен ауырған адам дертті қайтадан жұқтырды

Ресейде бірінші рет коронавирусты қайта жұқтыру оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Гамалеи атындағы Ұлттық зерттеу орталығының жетекші маманы хабарлады.

Айтуынша, қауіпті вирусты жұқтырудың бірінші және екінші жағдайы шамамен 5 айдың ішінде болған. Бұдан бөлек ол инфекцияға қарсы вакцина адамның вирусты екінші рет жұқтырмайтынына кепіл бола алмайтынын да жеткізді. Өз кезегінде елдің бас инфекционисті Владимир Чуланов вирусты қайта жұқтыру қаупі бар болғанымен ол өте сирек кездесетін құбылыс деді.

Хабар 24 телеарнасы