426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралия экономикасы дағдарысқа ұшырады

  • 143
  • UPD: 22:49, 02.09.2020
Австралия экономикасы дағдарысқа ұшырады

Австралия экономикасы рецессияға ұшырады. 30 жылда болмаған жағдайдан елдің жалпы ішкі өнімі 7 процентке төмендеп кеткен.

Наурыз айында бұл көрсеткіш 1 процент төңірегінде болған. Ел аумағында карантин режимінің енгізілуіне байланысты қазір 1 миллионнан астам азамат жұмыссыз отыр. Экономиканың кей салалары тіпті толығымен жабылған. Осыған байланысты ел билігі 300 миллиард Австралия долларын бөлді. Ол бірінші кезекте дағдарыстың бетін қайтарып, ел экономикасын қайта жандандыру үшін жұмсалмақ.

Хабар 24 телеарнасы