425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда жаңа оқу жылы тамыз айында басталып кетті

  • 330
  • UPD: 10:15, 03.09.2020
Германияда жаңа оқу жылы тамыз айында басталып кетті

Әр өңір қауіпсіздік қамын ойлап, бірнеше ереже енгізді.

Мәселен, халық тығыз орналасқан Солтүстік Рейн-Вестфалияда оқушылар 1 қыркүйекке дейін маскамен жүруге міндеттелді. Алайда ұзақ пікірталастардан кейін неміс мектептерінде бетперде тағу міндетті емес деп шешілді. Тек дәліз бен мектеп ауласы секілді әлеуметтік арақашықтық сақтауға мүмкіндік жоқ жерлерде маскамен жүруге кеңес берілді. Бірақ сабақ барысында бетпердемен отыру қажет емес. Егер оқушы қорғаныш құралын тағып отыруды қаласа, ешкім жоқ демейді. Бұдан бөлек сақтық мақсатында әрбір білім беру мекемесінде санитайзерлер орнатылды. Ал дәліздерде тек бір бағытты қозғалыс. Жаңа ережеге сай дене шынықтыру сабақтары ашық аспан астында өтуі қажет.

Юрген Шойерманн, мектеп директоры:

- Егер мектепте коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жағдайда, бірден денсаулық сақтау министрлігіне хабар беріп, науқаспен байланыста болғандарды анықтауымыз қажет. Содан кейін бәрін үй жағдайындағы карантинге жібереміз. Жалпы балалардың мектепке оралғанына қуаныштымыз. Білім беру мекемелері жабық болған уақыт ішінде біз сабақ оқытуды барынша қауіпсіз етуге тырыстық. Сол мақсатта жаңа шаралар енгіздік. Қазір дайындығымыз жақсы деп ойлаймын.

Айта өтейік, егер бала аздап тұмауратып қалса, оның үйде қалғаны жөн. Мұғалімдерге қатысты жағдай күрделірек. Германияда оқытушылардың 30% – 50-ден асқан кісілер. Бәрі тәуекел тобына кіреді. Осыны ескерген ел билігі созылмалы ауруы бар немесе қауіп төнген мамандарға сабақты қашықтан оқытуға рұқсат берді. Жалақысы да қысқармайды.

Хабар 24 телеарнасы