429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Болгария тұрғындары наразылық шеруге шықты

  • 162
Болгария тұрғындары наразылық шеруге шықты

Болгарияда 2 айға жуық жалғасып келе жатқан Үкіметке қарсы наразылық шерулері басылар емес.

Ел астанасы Софияда мыңдаған адам тағы көшеге шығып, премьер-министр Бойко Борисов пен бас прокурордың қызметінен кетуін талап етті. Шерушілер: «Қазіргі Үкімет жемқорлыққа белшесінен батқан», – дейді.

Наразылық акциясы Парламент ғимаратының алдында өтті. «Ұлы халық көтерілісі» деп аталған шеру бейбіт басталғанмен, қақтығысқа ұласты. Оған шерушілердің полиция көліктерін аударып тастауға талпынуы түрткі болды. Тәртіп сақшылары адамдарды тарату үшін көзді жасаурататын газ шашып, күш қолданды. Ашынған жұрт полицейлерге тас лақтырып, отшашулар атты. Салдарынан бірнеше полицей мен 45 шеруші жарақат алды. 35 кісі қамалған.

Босра Чорбаджийска, шеруші:

- Елде өзгерістер еш қантөгіссіз бейбіт түрде жүзеге асатын шығар деп үміттенемін. Бірақ өзге елдердің тәжірибесіне қарап, мұндай өзгерістердің шығынсыз орнай қоймайтынын көріп отырмыз. Сондықтан қазіргі саяси дағдарыстың бейбіт түрде шешілуі үкімет басшысына байланысты. Ол бәрін ақылға жеңдірсе екен. Мәселенің шиеленіскенін көріп отыр. Ушықтыра түспей бейбіт жолмен шешеді деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы