420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания мен Ирландияда бірнеше ауданды су басты

  • 155
Ұлыбритания мен Ирландияда бірнеше ауданды су басты

Ұлыбритания мен Ирландияда фрэнсис дауылы соғып, жаңбыр жауып, бірқатар ауданды су басып жатыр.

Ирландияда табиғат апатынан Корк графтығы көп зардап шеккен. Бантри мен Бендон қалаларында үйлер мен ғимараттар бүлініп, жолдарды су шайып кетті. Ал Солтүстік Ирландияда өзендер арнасынан асып, Нью-касл, Магер және тағы бірнеше қалада су тасқыны жүрді. Англия мен Уэльсте электр желісі істен шығып, мыңдаған адам жарықсыз қалды. Солтүстік Уэльсте 80 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Тафф өзені маңында 2 адам із-түзсіз жоғалып, іздестірілуде.

Хабар 24 телеарнасы