421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапония жағалауында тайфуннан кейін жүк кемесі жоғалып кетті

  • 194
  • UPD: 10:43, 03.09.2020
Жапония жағалауында тайфуннан кейін жүк кемесі жоғалып кетті

Gulf Livestock 1 компаниясының панамалық жүк кемесі Шығыс Қытай теңізінде «Майсак» тайфунынан кейін жоғалып кетті, деп хабарлады Reuters.

Кеме 14 тамызда Жаңа Зеландияның Нейпир қаласынан 5867 бас ірі қара малымен және 43 экипаж мүшесімен шыққан. Ол Қытайдың Таншани қаласындағы Цзинтан портына бет алған. Сапар шамамен 17 күнге созылуы керек еді.

Жапонияның жағалау күзеті кеме апатқа байланысты белгі жібергеннен кейін бірден іздеуге шыққан. Шығыс Қытай теңізінде іздеу-құтқару операциясы жүргізілуде.

Қазіргі уақытта экипаждың бір мүшесі құтқарылды. Кемеде болған басқа адамдарды іздеу жүріп жатыр.

Агенттік жоғалған кеменің 2002 жылы жасалғанын және оның ұзындығы 139 метр екенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы